2.11.2016, 17:02
Оқылды: 16

Ауыл шаруашылығын дамытуды талқылады

????????????????????????????????????

  Зеленов ауданы орталығында ауыл шаруашылғын дамыту жайын талқылаған жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ринат Шәуеновтің төрағалығымен оздырылған жиынға БҚО ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Нұрмағамбетов,  «Ауыл   шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары Нұрбол Жұмағалиев, ауылдық округ әкімдері мен кәсіп иелері қатысты.


Ел экономикасының қозғаушы күшінің біріне айналып отырған саланы одан әрі дамытуды көздеген жиын басында Серік Базарұлы сөз алып: -Ауыл шаруашылығын ет, сүт тапсыру арқылы көтеруді көздеген Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруда жеке шаруашылықтар үлкен рөл атқарып отырғандығын айтқым келеді. Оларға несие беру арқылы мал санын арттыруға болады. Осы мақсатта ауданға бөлінген қаржы түгелімен игерілді. Ол ақшаға мал бордақылау және сүт қабылдау пунктері ашылды. Осы жобаларды одан әрі дамыта түсу үшін Ақжайық және Бөрлі аудандары игермеген қаражатты ауыл шаруашылығы дамыған Теректі және Зеленов аудандарына бөліп беру жайын қарастырудамыз. Болашақта осы аталған шаруаларды одан әрі дамыта түсіру ісі ауылшаруашылық, кәсіпкерлік бөлімдері мен округ әкімдеріне және кәсіпкерлер палатасына түседі,-дей келе болашақта аталған бөлім мамандары мен округ әкімдері арнайы оқутулардан өтетінін айтты. Сондай-ақ  кооперативтерге біріктірілетін кәсіпкерлер санын азайту және несие беру талаптарын жұмасарту мен бағдарламада көрсетілген тапсырылатын малдың еттей салмағын кішірейту сияқты мәселердің көтеріліп жатқандығына да тоқталды.

Одан соң Нұрбол Маратұлы сөз алды. Ол жаңадан қабылданған «Береке» бағдарламасының  мақсат-міндеттері жайында кеңінен мағлұмат беріп өтті. Оның айтуынша бұл бағдарлама ауыл шаруашылығын қолдауды көздейтін басқа бағдарламалардан айырмашылығы жоқ екен. Тек несие алу үшін жеке кәсіп иелері кооперативтерге бірігулері керек. Ал несие алам деушілер үшін  бағдарлама түрлі жеңілдіктер ұсынып отырған көрінеді. Солардың бірі несие беруші тарап өзінің маманын жергілікті жерге жіберіп, қажетті құжаттарды кез-келген ауыл не аудан орталығында қабылдай алады. Бұл да болса, аздаған жеңілдік. Кәсіп ашушы жан бір парақ қағаз үшін ауыл мен облыс орталығына шапқылап жүрмейді.

Келген қонақтардың сөзін тыңдаған соң жиынлғандар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале