20.09.2016, 17:43
Оқылды: 26

Ауыл әкімдеріне арналған семинар

%d0%b6%d2%b1%d0%bc%d1%8b%d1%81%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d2%9b%d0%b0%d0%bc%d1%82%d0%b8%d0%bc%d1%8b%d0%b7Шыңғырлау ауданында Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен жуырда «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасын халыққа кеңінен насихаттау мақсатында ауданымызда Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының директоры У.Жаңабеков бастаған ауыл  әкімдеріне арналған аппараттық-түсіндіру және оқыту семинары өтті. Аталмыш семинарға ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту орталығы және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты мамандары қатысты.

Басқосуда ауылдық округ әкімдеріне «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру атты әдістемелік құрал, аталмыш бағдарламаға қатысушыларға арналған «Мемлекеттік қолдау»  атты кітапшалар таратылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тапсырмасына сәйкес ауылдық округ әкімдері бағдарламаны білу деңгейін тексеру мақсатында тест тапсырды.

Б.Нұржанов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале