18.10.2016, 9:36
Оқылды: 15

Ақтайсайдағы әсерлі кездесу

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%b0%d0%b9Ел Тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай Ақтайсай мәдениет үйінде аналар  кеңесінің және мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Біз  сіздерге қарыздармыз, асыл ана!» атты іс-шара  оздырылды.


Айтулы шараның мақсаты тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында  аудан бойынша көп балалы аналарды ардақтау және отбасылық  құндылықтарды насихаттау.

Кештің І бөлімінде аналар кеңесінің төрайымы Алма Елеусінова шараның мақсатын түсіндірді.

Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гауһар Жеңісқызы «Қос бәйтерегім»  әнін ән-шашу ретінде жолдады.

«Аналар сөз алғанда...» бөлімінде ардақты аналар және көп балалы жас  аналар сөз алды.

Аналарымыздың өмірден түйген тәжірибелері мен ақыл-кеңестерін бөлісе  отырып, тағы да ән шашуға кезек берілді.

Мәдениет үйінің аккомпониаторы «Әке-ана» атты әнін жолдаса, «Еркетай»  балабақшасының тәрбиешісі шараны қазақ биімен әсерлей түсті.

«Аналарға құрмет» бөлімінде қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.

Әсерлі кездесу халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблінің орындауында Шолпан Қыдырниязованың сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтің «Қоскөл  кеші» әнімен тәмамдалып, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады.

 

Ерболат РАЙСОВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале