26.08.2016, 16:59
Оқылды: 26

«Ақ орамал» бейбітшілікке үндейді

Ескерткш«Ақ орамал» акциясы шеңберінде игі шаралар қолға алынды. Аналарымыз соғыста ерлік көрсеткен батырлар мен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, бейбітшіліктің нышаны ретінде ақ орамалдар іліп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды.
Шарада аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, ардагер-ұстаз Гүлжиян Табылдиева, Римма Жұмағалиева, ақ жаулықты аналар Чиослан Адошева, Гүлниса Әбілқайырова сөз сөйлеп, - бүгін «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде көрініс тапқан Президентіміздің бейбіт бастамаларына қолдау білдіру үшін жиналдық. Әлемде тұрақсыздық басым. Жер-жерлерде жанжалдар тұтанып тұрады. Осыны қаперімізде ұстап, бейбітшілікті қызғыштай қоруымыз қажет. Әрбір отбасында балаларымыз бен немерелерімізді бейбітсүйгіштік, отансүйгіштік рухта тәрбиелегеніміз лазым. Еліміз тыныш, ақ жаулықты аналарымыз аман болсын, -деді.
Сондай-ақ акция барысында ақ орамал таққан аналардың бейбіт шеруі ұйымдастырылады.
Бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін «Ақ орамал» акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Әсем Болат

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале