5.09.2016, 15:52
Оқылды: 21

Бақша мол түсім беруде

КауынШыңғырлау ауданы тұрғындарды өз шаруашылық құрылымдарының өнімімен қамтуды еселі орындап келеді. Бүгінгі таңда апта сайын өткізіліп отырған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі тұрғындар аса тиімді болып отыр, сапалы жеміс-жидектер, бақша өнімдері мен көкөністер, ірі қара, қой еттері төмен бағамен сатылып, аудан тұрғындарын қажетті азық-түлікпен қамтуда.  Осы жәрмеңкелердің алдыңғы қатарын сапалы және мол бақша өнімдерімен қамтып тұрғандардың бірі-жеке кәсіпкер Александр Рудьтің «Гефесть» шаруа қожалығы. Кәсіпкер биыл өз шаруашылығында 7га жерге картофель, тағы осындай көлемде бақша өнімдерін еккен.

Аптабы ерекше болып тұрған биылғы жаз айларының  ыстығына қарамастан, тамшылатып суғару арқылы мол өнімге үміттенген кәсіпкер үмітінің ақталғанын айтып отыр, Жаз ыстығына орай қарбыз-қауындары дәмді, түсімі де мол.

-Қазіргі таңда сұраныстың басым бөлігі қарбыз өнімінде болса, бұл өнім гектарына 350 ц құрап тұр. Ал картоп өнімінің екі сорты- ерте және кеш пісетін түрлері гектарына 180 ц өнім беріп отыр,- дейді шаруашылық басшысы.

Құрылымда өнімдерді жинау қажеттілігіне қарай 10-14, кейде одан да көп адам жұмысқа тартылады.

Биылғы өнімнің молдығына орай А.Рудь алдағы жылға бақша аумағын кеңейтеміз, молырақ егеміз деген жоспар құрып отыр.

 

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале