16.11.2016, 11:48
Оқылды: 28

Бірлік бар жерде, тірлік бар

%d0%b1%d0%b8%d1%81%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d1%83%d1%8b%d0%bb%d1%8b   Бөкей Ордасы ауданы Бисен ауылына қарасты Жиекқұм елді мекені тұрғындарының ұйымшылдығымен ауылдың күн шығыс жағында орналасқан бейітке қоршау тұрғызылды. Бұл сауапты іске бастама көтергендер ауылнайымыз Қ.Молдашев, ауыл тұрғындары С.Баймұратов, С.Ғайноллин, А.Садыров, С.Қарабалин ағалар көпшілікті жұмылдырып, аруақтарға құран бағышталып, 50 шақты адам жиылған ауылдық клубта садақа берілді.


«Бірлік бар жерде, тірлік бар» демекші дәм-тұзы таусылып, бүгінде бақиға аттанғандардың рухы разы болсыншы деген ниет қой біздікі. Әрі мұндай игі қадам ізімізден еріп келе жатқан ұрпақ үшін де үлкен тәлім емес пе?! Бұл жақсы бастама барлық жерде де жалғасын таба бергей.

Н.ҒАЛЫМОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале