5.07.2016, 17:52
Оқылды: 60

Бөрлі ауылдық округінде «Ақ сұңқар» бөбекжайы ашылды

Borli jarkin     Бүгін Бөрлі ауданының 140 кішкентай тұрғыны үлкен қуанышқа кеңелді.

   Ауданымызға қарасты Бөрлі ауылдық округінде есігін айқара ашқан «Ақ сұңқар» бөбекжайы Астана күніне арналған тамаша тарту болды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Елордамыз Астана қаласының 18 жылдық мерейтойына арнайы сыйға берілген аталмыш нысанның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімі А.Көлгінов қатысты.


    «Бүгін тек Бөрлі ауданында емес, облысымызда үлкен жетістік, үлкен қуаныш. Елбасы Н.Назарбаевтың ішкі және сыртқы жүргізген сыңдарлы саясатының нәтижесінде көп ұлтты халқымыздың бірігіп аянбай еткен еңбегінің жетістігі. Балабақша ашу үлкен мереке.  Соңғы жалдары облысымызда 40 мектеп, 15 балабақша ашылды. Әрине бұл ең бірінші елдегі тыныштық пен бірліктің арқасы. Баршаңызды Астана күнімен және заманауи технологиямен жабдықталған «Ақ сұңқар» бөбекжайының ашылуымен құттықтап, ел тыныштығын тілеймін» - деген Алтай Сейдірұлы бөбекжайға теледидар сыйға тартты.

   Қуанышты шараға Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Бірғаным Айтимова, Қазақстан Республикасының депутаты Бақтияр Мәкен, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, ҚПО б.в. компаниясы бас директорының орынбасары Марат Каримовтар қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен  құттықтады.

   Бөбекжай бүлдіршіндері болса үш тілде тақпақтарын айтып,бас мердігер «НазТур» ЖШС-не ақ жүректі алғыстарын жеткізсе, ауыл тұрғыны Іңкәр Қарасаева аталмыш бөбекжайдың ұжымына табысты еңбек тіледі.

   Шарада «НазТур»ЖШС-нің бас директоры Лесбай  Елеусінов бөбекжай меңгерушісі Жазира Бектаеваға нысанның кілтін басы етсе, облыс әкімі Алтай Көлгінов пен ардагер Гауаз Мұқановтар лентасын қиды.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале