28.10.2016, 9:54
Оқылды: 28

Депутаттар халық алдында

img_2412Таяуда Мичурин «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының ағымдағы жылда атқарылған жұмыстары баяндалып, Мичурин округі бойынша аудандық мәслихат депутаты, «Нұр отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров халықпен жүздесті.


Жиынды жүргізген Мичурин бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекқали Бержанов:

- Бүгінде партия қатарында 130 адам болса, оның 72-сі ер адам, 58 нәзік жандылар. Партия құрамында мемлекеттік органда, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау саласында қызмет ететін, шағын және орта кәсіппен айналысатын адамдар бар. Олардың көпшілігі ауыл ішінде атқарылып жатырған тың жұмыстарға белсенді атсалысуда, - деді.

Айта кетейік, ауданымызда партияға 3000-ға жуық адам мүше болса, 27 бастауыш партия ұйымы жұмыстануда. Бұл көрсеткіш облыс бойынша қаладан кейін, екінші орын. Сондай-ақ, олардың қатарында мемлекеттік және әлеуметтік сала қызметкерлері, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, экономика және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың жұмысшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруа қожалықтары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және басқалар бар.

- Мичурин ауылының ішкі жолдарын күрделі жөндеуге (135 млн), ауылдық клубын ағымдағы жөндеуге (2 млн 900 мың), сахна жабынын жаңғыртуға (600 мың) теңге бөлуге мүмкіндік жасалды. Депутат ретінде халықтың мәселелерін шешумен қатар республикалық деңгейдегі акцияларға да атсалысуды азаматтық парыз санаймыз. Жылда ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясына, өзге де қайырымдылық шараларына қолдан келгенше көмек қолын созудамыз. Осы орайда округтағы барлық кәсіпкер партияластарыма алғыс айтқым келеді, - деді Нұржан Тоғызбайұлы.

Бұдан бөлек, партия мен халықты тығыз байланыстырып, өзара жұмылдыра түсетін партиялық «Кедергісіз келешек», «Айқын тариф», «Ардагерлерді ардақтайык», «Ұлы дала елі» және «Ауыл тұғындарын жұмыспен қамту» жобалары күнделікті істің өлшеуіші іспетті екендігін тілге тиек етті. Мәселен «Кедергісіз келешек» жобасы әлеуметтік ғимараттардың оңтайландырылуы, мүмкіндігі шектеулі жандарды мейлінше қоғамға тартуды көздесе, «Айқын тариф» жобасы аясындағы шаралар әлеуметтік себет құрамына енетін азық-түлік бағасының тұрақтылығын қадағалап, тұрғындар арасында талқылап, түсіндіруге бағыттайды. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасында оған қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат тұтқан, бұл «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» партиялық жобаның негізі. Жоба аясында бастауыш партия ұйымдарында бұл мәселе өткір көтеріліп, бағымызға орай ауданымыздан биыл бір де бір партия мүшесі сыйбайлас жемқорлық туралы заң бұзушылыққа жол бермеген.


Динара Насыр

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале