22.11.2016, 10:53
Оқылды: 29

«Ел тірегі – Ата заң»

%d0%b5%d0%bb-%d1%82%d1%96%d1%80%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d0%b0%d1%82%d0%b0-%d0%b7%d0%b0%d2%a3            Бөрлі аудандық мәдениет үйінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ел тірегі – Ата заң» атты үстел басындағы әңгімеге құқық қорғау органдарынан келген Бөрлі аудандық сотының судьясы Н.К.Ибрашов, Бөрлі аудандық сотының судьясы А.К.Ускембаева, Бөрлі аудандық соты кеңсесінің меңгерушісі А.Н.Оразбек, аудандық ІІБ-нің жасөспірімдермен жұмыс инспекторы С.Г.Омарова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, орталықтандырылған кітапхана, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қаладағы оқу орындарының оқушылары мен студенттері шақы­рылды.

Дөңгелек үстелді қысқаша кі­ріспе сөз сөйлеп ашқан орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.Нурашова еліміздің Ата Заңының қоғамдық дамудағы  орны  мен ма­ңызына тоқталды.

Сонымен қатар, кітапханашы Н.Искаковаосы шараға дайындаған көрмесімен таныстырып, кітаптарға шолу жасады.

Шара барысында келген қонақтарға: Мемлекетіміздің азаматтары мен азаматшалары мемлекеттік заңдарды қаншалықты біледі?, Ауданымызда заң жөнінде қандай профилактикалық жұмыстар жүргізілуде?, Адамдарды қылмыс жасаудан не сақтайды? және т.б. сұрақтар қойылып, олардың жауаптары тыңдалды.

Екі бөлімнен құралған дөңгелек үстелдің екінші бөлімі «Сен өз құқығыңды білесің бе?» сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Келген жасөспірімдер бейне таспадан ұяшықтар таңдау арқылы берілген сұрақтарға жауап берді. Мақсаты: Жасөспірімдерге адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру.

Вероника Пермитина

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале