3.08.2016, 8:29
Оқылды: 18

Ел Тәуелсіздігіне арналды

Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұғырым, «Мәңгілік ел» – ұраным» атты дөңгелек үстел оздырылды.


 

Дөңгелек үстелде алғаш боп сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрхад Оңалбайұлы отырыстың күн тәртібімен таныстырды.ұжым

Жиналғандарға «Тәуелсіздік – теңдігім, егемендік – елдігім» атты бес бөлімнен тұратын көрме таныстырылды.

Шарада тәуелсіздік аясында өткізілетін және жоспарланған шаралар талқыланып, мекеме-ұжым қызметкерлері өзара пікір алмасты.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz


 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале