Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұғырым, «Мәңгілік ел» – ұраным» атты дөңгелек үстел оздырылды.
Дөңгелек үстелде алғаш боп сөз алған аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрхад Оңалбайұлы отырыстың күн тәртібімен таныстырды.
Жиналғандарға «Тәуелсіздік – теңдігім, егемендік – елдігім» атты бес бөлімнен тұратын көрме таныстырылды.
Шарада тәуелсіздік аясында өткізілетін және жоспарланған шаралар талқыланып, мекеме-ұжым қызметкерлері өзара пікір алмасты.
Райымбек АБАЕВ
Қаратөбе ауданы