23.08.2016, 16:03
Оқылды: 40

Жанашырлық жүректен бастау алады

IMG_6655Шыңғырлау ауданында «Мектепке жол» жалпы республикалық акция аясында 574 бала қамқорлықпен қамтылды. Аудан мектептері, мекемелері, аудан және ауылдық округ әкімдіктері, барлық ұжымдар мен жеке кәсіпкерлер акцияға белсенді атсалысып, осындай сауапты шараны жүзеге асырып отыр. «Жанашырлық-жүректе, қайырымдылық- көкірек көзінде» болу керек десек, бүгінгі таңда әлі де болса балаларын жаңа оқу жылына дайындай алмай отырған аз қамтылған немесе көп балалы отбасыларға бұл үлкен жәрдем екені сөзсіз. Әлемдегі нарықтық ахуал, дүрбелеңге салып отырған дағдарыстарға қарамастан бұл қайырымдылық шарасы жылма-жыл өткізіліп келеді, биыл міне, 12 рет қайталанған шарада аудан әкімі Альберт Есалиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Абзал Сапаров  әр бала ұлттың баласы, ертеңгі ел азаматы екенін ескеріп, бүгін алаңсыз оқуына жағдай жасау қажеттігін, бұл істің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бастау алып, бүгінде әлемде өзге елде жоқ шараға айналғанын атап өтіп, балаларды үздік оқу мен білімді болуға шақырып, акцияға атсалысқан барлық мекеме-ұжымдар мен жеке кәсіпкерлерге, тұрғындарға алғыс білдірді.IMG_6691

Әрі қарай аудан әкімі А.Есалиев, аудандық мәслихат хатшысы Г.Волкогон, «Нұр Отан» аудандық филиал төрағасының орынбасары С.Бәйтенова, жеке кәсіпкер Ақмарал Камзаева және мекемелер басшыларының мұқтаж балаларға акция аясындағы арнайы сыйлықтарын табыстауға жалғасқан әнді, әуезді шараның соңы қуаныштан бал-бұл жанған балалар жүзіндегі шаттықты естелік суреттерге түсіруге ұласты.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале