10.08.2016, 9:54
Оқылды: 23

Жасалған жұмыс сапалы болуы тиіс

Жасалған жұмыс сапалы болуы тиісСейсенбі күні аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиев пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез Шежін ауылдық округіне арнайы барып, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептің  құрылыс барысымен танысып қайтты.


 

Әрбір бөлмеге  ішкі жөндеудін қалай жүргізіліп жатқандығын тексерген аудан әкімінің міндетін атқарушы Азамат Сафималиұлыертеңгі күні қабырғасы сөгіліп, төбесінен су сорғалап ағып тұрмас үшін жұмыс сапасын жіті қадағалау қажет екенін қадап айтты. Сондай-ақ құрылыстың тым баяу жүріп жатқандығын да ескерткен А.Сафималиев:- Осы айдың жиырмасына дейін құрылысты бітіріп, бірінші қыркүйек күні балалар мектеп табалдырығын аттауы тиіс, - деді.

Айта кетейік, аталмыш ауылдық округтің орта мектебін жөндеуден өткізуге республикалық және аудандық бюджеттен 113 млн. 68 мың теңге қаржы бөлінген.

Есенжол Елекенов

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале