8.11.2016, 11:49
Оқылды: 26

Жасөспірімдер жарады

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d3%a9%d1%81%d0%bf%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bc%d0%b4%d0%b5%d1%80-%d0%b6%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b4%d1%8b   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2000-2005 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан және  үстел теннисінен  аудандық ашық чемпионат өтті. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Т.Қадимов құттықтау сөз сөйлеп,  командаларға сәттілік тіледі. Алты команда қатысқан спорт бәсекесі қызықты да тартысты өтті. Шағын футболдан жүлделі орындарды тиісінше «БЖСМ-1», «БЖСМ-2», «Т.Жароков» командалары иеленді. Үздік аталымдарға  қақпашы Д. Қадыров, шабуылшы Н. Көшенов, қорғаушы Е. Қуанғалиев, ойыншы Н. Төлепқали   ие болса, жарыста белсенділік танытқаны үшін «Тау ауылы» командасы да марапатталды.

Ал, үстел теннисінен алғашқы үш орынға сәйкесінше «БЖСМ-1», «БЖСМ-2», «Тау ауылы» командалары шықты. Жекелей есепте  2005 жылдан кейін туған қыздар  арасында  Ә. Меркен бірінші, Ж. Кәкім екінші орын алса, ұлдар арасында Ә. Нариман бірінші, Р. Кәкімов екінші орынды қанжығаларына байлады. Ал 2000 жылдан кейін туған қыздар арасында А. Әскербекова бірінші,  Г. Сайынова екінші, А. Мансұрова үшінші орынға ие болса,  ұлдардан Б. Мұрзағалиев бірінші, А. Қайдаров екінші, А. Әмірханов үшінші орындарға тұрақтады. Жеңімпаздар диплом, медальдармен марапатталды.

М.Сырымов

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале