19.08.2016, 10:28
Оқылды: 49

Жер реформасы жіті назарда

2016 жылдың 17 тамызында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР Жер кодексінің jer reformasiнормаларын талқылау және түсіндіру бойынша шаруа қожалықтарының басшыларымен, кәсіпкерлермен кездесу өтті.


Елбасымыздың «кез келген заң халыққа қызмет істеуі керек, ал халыққа қызмет істемейтін заңға біз зәру емеспіз» деп атап көрсетіп, Жер туралы кодекске, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға мораторий жариялағанынан басталған ауқымды түсіндіру жұмыстары, халықтың үнін, пікірін тыңдау және әбден екшелген қорытынды жасау осы отырыстың негізгі тақырыбы болды.

Жиын барысында Жер реформасын түсіндіру мақсатында жасақталған ауыл-ауылдарда тұрғындармен кездесулер өткізу кестесіне сәйкес Алмаз, Сегізсай, Лубен ауылдық округтерінде Шыңғырлау ауданының үкіметтік емес ұйымдарымен, жастармен, кәсіпкерлермен, шаруа қожалықтарының басшыларымен бірлескен кездесулер ұйымдастырылып келе жатқандығы айтылды және ондағы тұрғындардан түскен сауалдар мен ұсыныс-пікірлер талқыға салынды.

Жалпы ауданымызда аудандық партия филиалының мәжіліс залында дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері және әр сәрсенбі күндері ауылдық округтерде жер реформасына қатысты аудан бойынша 110 қабылдау өткізіліп, оған 72 тұрғын келгенін атап өтті.

Жиында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сапаровтың, жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Қазиевтің, Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Шагировтың баяндамалары тыңдалды.

Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Бәйтенова жүргізіп отырды.

Алина Шандатова

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале