23.11.2016, 11:05
Оқылды: 15

Жүз жылдық қарсаңында оқырмандармен жүздесу

%d0%be%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80-%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0      Облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов Жәнібек ауданының Тау, Ұзынкөл және Күйгенкөл ауылдарындағы оқырмандармен жүздесті. Оқырман қауыммен болған кездесуде ол «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің мерейтойы қарсаңында оқырмандардың саны көбейе түсетініне сенім білдіріп, облыстық қос басылым мен 12 аудандық газетке қамқор болып отырған «Жайық Пресс» ЖШС-нің ғасырлық датаға байланысты алдағы уақытта бірқатар іс-шараларды қолға алатынына тоқталып, алдағы жылы оқырмандарды қандай мақалаларды қызықтыратынын білгісі келетінін,  сондай-ақ  сырт көзге байқалатын кемшін тұстарды да ашық айтуға, пікірлесуге шақырды. Кездесуде Тау ауылында тұратын Төлебай Әзберген ақсақал  облыстық басылымның жылдан-жылға тартымды болып шығып келе жатқанын, түрлі тақырыптардағы мақалалардың ылғи да жазылатынын, соның ішінде ауыл өмірінің мәселелері  ұдайы қамтылатынын сөзіне сүйеніш ете отырып: -  Кеңес үкіметі кезінде балаларға дін тақырыбында ештеңе айта алмадық. Енді сол олқылықтың орнын толтыратындай  газетте жастарға дінді үйрету жағы көбірек жазылса деген ұсыныс айтамын,-десе, осы ауылдағы мектептің мұғалімі Асыл Құлмырзина  газет бетінде облысқа белгілі адамдардың елеулі еңбектері жөнінде жастарға үлгі болатындай үзінділер жиі жазылса және қазіргі заманға сай кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету мақсатында «Бизнес сабақтары» іспеттес айдар ашылса деген пікірін білдірді. Ал Ұзынкөл мектебінің мұғалімі Нұрлан Кәрімғалиев бір ғасырға жуық тарихы бар облыстың басты басылымында  мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, елдің өткен тарихын қаузайтын материалдардың жиі жарық көретінін ризашылықпен айтты.  –  Ауыл адамдарына қиыншылық тудырып отырғаны  басылым бағасының жылдан-жылға қымбаттауы. Мұның өзі табысы аз, жұмыссыздардың газетке жазылуда кедергісін тигізіп отыр. Бұл жағдай оңтайлы шешілсе дейміз,-деді ол өз сөзінде. Емін-еркін, ашық-жарқын өткен кездесу барысында, сондай-ақ Ұзынкөл ауылындағы пошта байланысы мекемесінің қызметкері Орынғаным Ғаниева, ауыл мұғалімдері Сансызбай Қауенов, Алтын Досқалиева облыстық басылымда денсаулық, медиация мәселелері және  өлеңмен жазылған көркем шығармалар  жиірек жарияланса екен деген тілектерін білдірсе, Күйгенкөл ауылындағы зейнеткер-ұстаз Жұпар Хамзина газеттегі «Ғибратты айдар» бетін жетілдіріп, басылымда отбасы тәрбиесі, ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынас туралы кеңінен жазылған дүниелер қамтылғанын жөн көретінін жеткізді. Үш ауылда оздырылған кездесулерге ауылдық округ әкімдері Алтай Бақтығалиев, Әлия Оспанова және аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары Жанар Қошанова мен Айдынғали Есенғалиев қатысып, облыстық «Орал өңірі», аудандық «Шұғыла» газеттеріне келер жылы ауылдағы оқырмандардың көптеп жазылатынына сенімді екендіктерін білдірді.

                                                                            Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале