5.07.2016, 14:58
Оқылды: 40

Жәнібек жұртшылығы Ораза айтты атап өтті  

 ЖәнібекЖәнібек ауданының жұртшылығы таңертеңмен аудандық мұсылмандар мешітіне келіп, Ораза айттың бірінші күніне бағышталған намазға жығылды.


Айт намазының алдындағы уағыздан соң аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев мешітке жиналған қауымды Ораза айт мейрамымен құттықтады. Айт намазы оқылғаннан кейін мешіт жанына топтасқан жұртшылықтың алдында сөз сөйлеген аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев баршаны мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық, құт-береке, жақсылық тіледі.

Бұдан соң мешіт маңында спорттық жарыстар оздырылды. «Иман жан байлығына, спорт тән саулығына кепіл» атты кермеге тартылу, бөрене үстіндегі сайыс, білім жарысы және арқан тарту ойындарының қорытындысында бірінші, екінші, үшінші орындарды сәйкесінше «Әр-Раян», «Нұр», «Бірлік» командалары жеңіп алса,  жекелеген спортшылар арасында Мақсот Қарасаев, Өтеміс Әбуов, Әлішер Уәлитханов, Бейбіт Аронов арнайы аталымдарды иеленді.

www.zhaikpress.kz
Н.Жапақов
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале