22.08.2016, 20:10
Оқылды: 25

Жәнібек суландыру-суғару жүйесін жаңғырту жайында

janibekОблыс әкімі Алтай Көлгіновке Жәнібек ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин Күйгенкөл ауылында Жәнібек суландыру-суғару жүйесін жаңғырту жайын тарқатып айтты.


Оның айтуынша, Ресей Федерациясында Еділ өзенінен тартылған су арнасы 40 жылдан бері тазартылмаған. Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы он үш ауылдық округ құрамындағы он төрт елді мекенді қамитын магистраль ауыл шаруашылығы дамытуда аса маңызы зор. 328 шақырымнан асатын арна ұзақ жылдан бері ескірген соң, судың ағысы өте төмен. Облыс басшысы қажетті жобалық-сметалық құжатты жасауды тапсырды.

- Жыл сайын Еділ өзенінен су жіберу үшін Ресей Федерациясына 1 млрд. 600 млн. теңге бөлетін едік. Нарықтағы теңге бағамының өзгеруіне байланысты қосымша 600 млн. теңге қаражат қажет болды. Содан Еділ өзенінен тартылған арнадағы су ағысы төмендеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жақында қаражат бөлетін болды. Қыркүйекте Ресей тарапы Жəнібек суландыру жүйесіне секундына 2,5 текше метр су жібереді. Бұл судың сапасына оң əсер етеді, - деді өңір жетекшісі аудан ардагерлерімен кездесуінде.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале