28.07.2016, 12:39
Оқылды: 38

Зеленовтық заң бұзушыларға 7 млн. 789 мың теңге айыппұл салынды

Бұл жөнінде Зеленов аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Жантемір Иманалиевтің қоғамдық кеңестің отырысында жасаған баяндамасынан мәлім болды.әкімшілік құқық бұзушылық


Отбасылық-тұрмыстық қылмысқа барған 128 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ішімдікке құмар жандардың қатары ауданда 143 жетіп, бәрі де тіркеуге алынған, 5 адам еркінен тыс емдеу мекемесіне жолданған. Жыл басынан бері тәрбиесіз кеткен 3 жасөспірім тіркеуге алынып, түнгі уақытта ересек адамның еріп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдерге 89 хаттама толтырылған. Баланың тәрбиесіне бей-жай қараған 11 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2-еуі ата-аналық құқықтарынан айырылған.

Учаскелік инспектор мен олардың көмекшілері қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында қаруы бар тұрғындардың үй-жайларында қару сақтау талаптарының орындалуын тексеріп, нәтижесінде 23 әкімшілік хаттама толтырылған.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде заң бұзушыларға 7 млн. 789 мың теңге  айыппұл салынып, бүгінде оның 39,9 пайызы яғни 3 млн. 114 мың теңгесі өндірілген.

Нұржан ДҮЗБАТЫР,

аудандық қоғамдық кеңес мүшесі
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале