18.11.2016, 12:40
Оқылды: 20

Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары пысықталды

????????????????????????????????????

 Мемлекеттік стандартқа сәйкес халыққа сапалы қызмет көрсету -  басты мәселе. Осы тұрғыда Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сұлтанның төрағалығымен аудандағы мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме басшылары мен салалар бойынша аталмыш қызметті жүргізуші жауапты мамандардың қатысумен алқалы жиын өтті.


         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қызмет көрсетуде орын алған  кемшіліктерді жою, тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізу, насихаттау мақсатында басылымдар арқылы және электрондық нұсқада түсінік жұмыстарын жүргізу т.б. көптеген жұмыстар туралы аудан әкімі аппараты ұйымдастыру, бақылау бөлімінің бас маманы Лилида Саматқызы баян етті.

          Қызметтің дер кезінде стандарт талаптарына сай сапалы жүргізілуін  алға тартқан Л.Саматқызы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сай салалар бойынша көрсетілетін қызметтерді уақытылы, сапалы жүргізуді қатаң назарға салды.

          Жиында аудан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде  аудандық экономика және қаржы бөлімі, әлеуметтік сала және Егіндікөл ауылдық округі бойынша орын алған кемшіліктердің алдағы уақытта қайталанбауы, қызметтерді жүргізуші маманның қызмет көрсетуге байланысты құжат жинау тәртібіне мұқият қарауы, басты мәселе қызмет көрсетуді кешіктірмеу, сапалы қызметпен қамту тағы да басқа мәселелер талқыланды.

      Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Н.Есендосов, Қоскөл, Жусандыой ауылдық округтері әкімдері аппаратының бас мамандары Б.Жұмақай, Е.Бақытжанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы В.Ғұбайдуллина, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Р.Құбаев, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Гүлзира Серікқызы, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің жетекші маманы Р.Сафина, Саралжын, Сулыкөл ауылдық округтерінің әкімдері Қ.Бисенғали, Б.Мұса өз салалары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде атқарылған жұмыстар, оларды жүргізу жолында кездескен проблемалар мен қиындықтар, олардың алдын алу шаралары туралы өз ойларын ортаға салды.

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы   

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале