29.08.2016, 10:04
Оқылды: 20

Мешіттегі қайырымдылық

IMG_9964Ел аумағында өтіп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына аудандық мұсылмандар мешіті де атсалыстыБалалар мен олардың аналарының мешітке басқан қадамдарына Алла сауаптан жазсын деп тілеген мұсылмандар мешітінің бас имамы Мейрамбек Абдрахманов  ауқымды акция шеңберінде шағын да болса көмек көрсетуді жөн көргендерін айтты. Мешіт жамағатының қолдауымен сегіз балаға спорттық киім мен аяқ киім, дәптерлер мен сөмкелер табыс етілді. Мешіт алқасының мүшелері Г.Кунаров пен А. Амировтар да тілектерін айтып, балалардың жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Балалардың аналары да мешіт имамдары мен жамағатына ризашылықтарын білдірді.

Ясипа Рабаева

Www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале