27.09.2016, 11:24
Оқылды: 23

Судьялармен өткен жүздесу

%d0%b0%d0%bf%d0%bf%d0%b5%d0%bb%d1%8f%d1%86%d0%b8%d1%8f%d1%81%d1%83%d0%b4%d1%8c%d1%8f    Аппеляциялық сот алқасы, облыстық азаматтық-әкімшілік істер соты коллегиясының судьясы Е.Боранбаев пен қылмыстық істер соты коллегиясының судьясы М.Бақтығұлов кәсіби емес медиаторлармен және қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесті.

Сайқын ауылдық округі әкімдігі ғимаратындағы медиаторлар кабинетінде оздырылған бұл кездесуде аудандық соттың төрағасы Гүлжихан Сағитова құрметті меймандардың іссапар мақсаттарымен таныстырса, Есенбай Нұрлыбайұлы медиация тәртібінің заңды күшіне енгеніне бес жылдай уақыт болғандығын, оның түп тамыры билер төрелігінде жатқандығын әңгімелеп, бір ауылдық округте  бес бірдей медиатор барлығына ризашылығын білдірді. Оның әріптесі Махамбет Сапарұлы  медиаторлар тек азаматтық-әкімшілік істерде ғана емес, сонымен қатар қылмыстық әрекеті орташа болып белгіленген істерде де өзіндік рөл атқаратындығын мысалдар келтіре түсіндірді. Осы жайларды жалпақ жұртқа жеткізіп, кикілжіңдер туып жатса, бірден заң органдарына емес, осындай билеріміздің ақыл-кеңесіне жүгінгеннің артықшылығын сөз еткен судьялар медиаторлардан  бітімге келтірілген істерді, жалпы, кеңес сұрап жүгінгендерді хаттап жүруді өтінді. Әрі өзге де сауалдарға толымды жауаптар қайтарылды.

Р.Бақытова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале