31.10.2016, 18:14
Оқылды: 63

Таланттылар анықталды

%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bd%d1%82%d1%82%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Орал қаласында «Дала дарындары» атты байқау өтті. Аталмыш байқауға Бөрлі аудандық демалу орталығының «Мұрагер» театры жанынан тәрбиеленіп жатқан жас актерлеріміз және би байқауы бойынша үлгілі «Балдаурен» би тобы, жеке би өнерімен Адиеева Айда барып, жүлделі орындарды иемденіп қайтты.


  Дала дарыны Республикалық балалар байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша І-дәрежелі дипломмен Ғайнолла Биболат және Ергалиева Әсемгүл марапатталды. Дәл осындай дипломмен ІІ- дәрежелі орынды Бимағамбетов Нұрболат иемденді. Мың бұралған бишілеріміз, үлгілі «Балдырған» би тобы ІІІ- дәрежелі дипломмен марапатталып, Адиеева Айда ІІ-дәрежелі дипломды иемденіп қайтты. Жетекшісі Мөлдір Мұрат жасаған еңбектері үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале