23.11.2016, 11:18
Оқылды: 17

Туым, Елтаңбам, Әнұраным менің

%d1%82%d1%83%d1%8b%d0%bc-%d0%b5%d0%bb%d1%82%d0%b0%d2%a3%d0%b1%d0%b0%d0%bc-%d3%99%d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d0%bc-%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d1%96%d2%a3«25 Жұлдызды күннің» кезегін Ақжайық ауданында мемлекеттік рәміздерге арналған автошеру патриоттық акциясы жалғастырды. Аудан орталығының оңтүстік бетіндегі ажарлы ғимараттары  көз тартқан агротехколледждің алаңынан ертеңгілік жол тартқан автошерушілер ұстаған Мемлекеттік Туымыз көзге оттай басылды.

Бұл шеру бірнеше шақырымды артқа тастап, аудан орталығының басты алаңына келіп аялдады.  Оларды қошеметпен қарсы алушылар арасында аудан әкімі Әділ Жоламанов, бөлім, ұйымдар жетекшілері, еңбек ұжымдарының өкілдері, тұрғындар болды.

Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Отанды мемлекеттік-саяси рәміздерсіз елестету мүмкін емес. Алаңдағы мінберден құттықтау сөз сөйлеген Чапаев әкімі Нұртаза Нәбиденов және аудан прокурорының міндетін атқарушы Ерлан Жаңбырбай бұл туралы жүрек толқытқан әңгіме айтты. Рәміздердің тарихы туралы кеңінен баяндалды. Мемлекетіміздің басты нышандарын қасиеттеп, құрметтеу хақында айтылған сөз де әркімге ой салғаны шүбәсіз.

Біздің Көк туымыз қандай әсем, керемет! Қарай бергің келеді.  Халық өмір салтын, бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын сыйғызған Әнұранымыз да бойымызға асқақ рух  үстейді емес пе! Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы көксеген арманына, аяулы мұратына ХХ ғасырдың соңына қарай қолымыз жетті,  сол ақ түйенің қарны жарылып, арманның жүзеге асқанын Елтаңбамыз да әйгілеп тұр. Бүтіл әлемге әйгілеп тұр!

«25 Жұлдызды күннің» бұл кезекті шарасы да осындай мәнді әңгімемен тұжырымдалды.

Бибіжан НҰРПЕЙІСОВА

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале