1.11.2016, 12:41
Оқылды: 18

Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

????????????????????????????????????

  Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында ақпараттық түсіндіру тобы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды түсіндіру мақсатында аудан орталығының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы А.Жортабаев баяндама жасап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бірнеше кезеңнен өтіп, әрбір кезең жұмыс беруші мен азаматтардың қатысу үлесін ұлғайтуды қамтитынын тілге тиек етті.


Ал аудандық орталықтандырылған ауруханалар жүйесінің директоры Г.Кенжешева сақтандырудың базалық және қосымша пакетіне кеңінен тоқталып, түсіндіріп өтті. Шара соңында қатысушылар бұл жоба бойынша бірнеше сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Бұндай кездесулер барлық ауылдық округтер мен елді мекендерде жалғасын табатын болады.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале