14.11.2016, 11:15
Оқылды: 48

Тәуелсіздік құрдастарымен жүздесті

%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%82%d1%96  Жәнібек ауданының Тау ауылында «Тәуелсіздік тұғыры биікте!» атты Тәуелсіздік құрдастарымен кездесу кеші өтті.  Кешке  аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы С. Стамов,  аудандық мәдениет үйінің режиссеры Ә.Жәнібекұлы қатысып, жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.


   Кездесуде 1991 жылы туған Тәуелсіздік құрдастары А.Махмудов, Р.Батталова, Б.Томпышев әлемге танылған егеменді еліміздің қарыштап дамуына өз үлестерін қосатынын, бұған Елбасының сындарлы саясатының арқасында туған жерімізде мүмкіндік мол  екенін мақтанышпен айтты. Шара барысында Г.Нұрболатова, А.Ануарова, Н.Темірғалиев  ән айтып, мәнерлеп өлеңдер оқыды.

                                                                                      Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале