22.11.2016, 17:49
Оқылды: 13

Халық қалаулылары Бұлдыртыда

1«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының жанындағы мониторинг және партиялық бақылау тобының мүшелері Бұлдырты ауылында іс-сапармен болып қайтты. Бақылау тобының мүшелері алдымен Бұлдырты ауылының 20 тұрғын үйдің құрылысы алаңына инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің дамыту және жайластыру құрылысының жұмысымен танысты. Жұмысты қазіргі таңда «Су Алаш» ЖШС жүргізуде. 19 млн теңгенің жұмысына жауапты мердігерлер жұмысты желтоқсанның соңына дейін тапсырулары керек. Ауылдық округ әкімі Е.Макашевтың айтуынша мердігерлердің жұмысы баяу.

Содан соң, бақылау тобының мүшелері Бұлдырты ауылдық округтегі әлеуметтік ғимараттармен танысып шықты.


Аудандық мәслихаттың тұрақты  комиссияларының  бірлескен  көшпелі отырысы  Бұлдырты ауылында өтті.

Бұлдырты ауылдық мәдениет үйінде өткен аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясының басқосуына комиссия мүшелері Б.Тасқалиев, аудандық мәслихаттың әлеуметтік және құқықтық  мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы, комиссия төрағасы А.Дүйсенғалиев, комиссия мүшесі А.Ниязгалиева, аудандық мәслихаттың ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы,  комиссия төрағасы Б.Хамидуллин, комиссия мүшесі Ж.Шапешов, аудандық мәслихат депутаты Д.Тайшиев  және мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенгалиева,  Сырым аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ж.Аязбаев, Бұлдырты, Сарой ауылдық округтарының әкімдері Е.Макашев, С.Бақтығалиевтар қатысты. Жиынды«Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Т.Дарғожиев жүргізді. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Жергілікті полиция қызметінің аудандағы қоғамдық тәртіппен қылмысқа қарсы күресті нығайтудағы жұмысы туралы» Сырым аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ж.Аязбаев мәлімдеме жасады. Ж.Аязбаевтың айтуынша мал ұрлығы Сырымда азаймай тұр. Аудан бойынша барлығы 123 ұрлықтың 73-і мал ұрлығы болса, оның тек 18-і  ашылып отыр.Аудан халқының 109 бас жылқысы, 106 бас ірі қара мал және 74 бас қой, жалпы 289 бас мал жоғалған. Мал ұрлықтарының салдарынан мал иелеріне 49 975 000 теңгеге материалдық залал келтірілсе, соның 2 650 000 теңгесі қайтарылған. Бұлдырты ауылдық округінің әкімі Е.Макашев және Сарыой ауылдық округінің әкімі С.Бақтығалиев баяндама жасады. Биыл Бұлдырты ауылдық округінде «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 4 млн теңге қаржы бөлініп, оған ауылдық орталық саябақтың ішіне, мәдениет үйінің алдына жазғы сахна және өрнектастан жаяу жүргіншілер жолы салынып, айналасына түнгі шамдар және орындықтар орнатылды. Жиында аудандық орталық аурухананың  ағымдағы жылдың 9 айында,  денсаулық сақтау саласы бойынша атқарған жұмысы туралы «Сырым аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны дәрігер-хирургі А.Дүйсенғалиев баяндама жасады. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Ш.Дүйсенғалиева қорытындылады.

 

Үміт Жәңгірова

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале