15.08.2016, 9:57
Оқылды: 43

Халық қалаулылары Сырым ауданының нысандарын аралады

everestҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Шафхат Өтемісов пен Кеңес Әбсәтіров Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімі Абат Шыныбеков депутаттарға бірқатар нысандарды таныстырды.


«EVEREST» супермаркеті – қызметі заманауи қолайлылықтарға үйлестірілген аудандағы алғашқы әмбебап сауда орталығы. Орталықтың ғимарат алаңының аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Осы айдың аяқ шеніне таман іске қосылатын супермаркеттің құрылысын сауда орталығының иелері Мелс Сапаров пен Медет Кәкімов өз қаражаттарына жүргізді. Ал айналым қаражатына және сауда үйіне керекті құрал – жабдықтарды алу үшін кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланыпты.  Жобаның жалпы құны 57 млн теңгені құрайды.

              Депутаттар сауда орталығының жұмыс көлеміне халықаралық маңыздағы Самара – Шымкент күре жолындағы жолаушылар ағыны сұраныс туғызады дегенді айтуда. Орталықтың жұмысын жолға қоюдағы ауданның түпкі мақсаты да – осы. Жаңа нысан 17 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

         Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында Жымпиты ауылының Қарасу мөлтекауданындағы 93 тұрғын үйдің құрылыс алаңы үшін жасалып жатқан инженерлік – коммуникациялық жүйелерін дамыту және жайластыру құрылысының жұмысымен танысты. Бұл құрылыс Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың есебінен жүргізіліп жатыр.

         Биыл Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылындағы ауылішілік қатты жамылғылы жолдардың 8, 3 шақырымына жаңадан асфальт төселеді. Бүгінгі күні мердігер «УральскСтройИнвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудан орталығындағы Абай көшесінің 838 метріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар Х. Есенжанов көшесі бойынша толық аяқталды. Алдағы аптада С. Сейфуллин көшесінің 1 шақырым жарым ұзындығына орташа жөндеу жұмыстары басталады. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Шафхат Өтемісов пен Кеңес Әбсәтіров жол жөндеу жұмыстарының қарқынына жақсы баға берді.

       Осы күні Жымпиты ауылында жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев болды.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале