21.11.2016, 16:11
Оқылды: 19

Шахмат пен үстел теннисінен жарыстар өтті

????????????????????????????????????

   Ақжайық аудандық ардагерлер кеңесі және аудан орталығы – Чапаев ауылдық ардагерлер кеңесі 1 желтоқсан мерекесі құрметіне шахмат пен үстел теннисінен жарыстар өткізді. Яғни, 60 жастағылардан бастап, одан жоғары жастағыларды осы сайыстарға шақырды. Ауылдардан өкілдер бұл шараларға ынта-ықыласпен жиналды.


– Шаршы тақтадағы шайқастар қорытындысында қабыршақтылық еңбек ардагері Ілияс Тоққалиев жеңімпаз танылды. Міне, 60 жылдан астам даналық осы ойынды серік еткен оның атына жылы лебіз арналып, Ілекеңнің өзі жиналған жастарға шахматқа шексіз сүйіспеншілігі туралы әңгімеледі. Үстел теннисінен топжарған Абай Есқайыровтың спорттың бірнеше түрімен сүйіп айналысатыны туралы да мәнді әңгіме болды. Мұндай жарыстар барлық ауылда ұйымдастырылуда,-деді Чапаев ардагерлер кеңесінің төрағасы Жігербай Қажығалиев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале