18.11.2016, 12:37
Оқылды: 18

Шетелдік мейманмен жүздесу

%d1%88%d0%b5%d1%82%d0%b5%d0%bb%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d0%bc%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d2%af%d0%b7%d0%b4%d0%b5%d1%81%d1%83  Қазақстан мен Канада елдерінің келісім-шарты негізінде «АҒА сеньор» бағдарламасы аясында 16 проект жүзеге асып, сол арқылы елімізге  екінші рет мұхит асып келген сүт өнімдері ғылымының докторы, канадалық Гард Ислеу аудан орталығындағы «Хан» сүт цехының жолға қоюына атсалысу үшін келіпті. Оның айтуынша, бүгінде өзі секілді зейнет жасына жеткен 700 волонтер (ерікті) Қазақстан сынды даму үстіндегі елдерге жүргізіліп жатқан 47 проекттің әр саласында (ауыл шаруашылықтан бастап туризмге дейін) тегін қызмет көрсетеді екен.


   Ол Бандора, Ямайка секілді 6 елде болғандығын мақтанышпен айтып, қазақы қонақжайлылыққа тәнті екендігін де жасырмады. Кеше ғана йогуртты дайындаудың қыр-сырын үйреткен шетелдік мейман енді айран өндірудегі тиімді тәсілді меңгертпек.

Р.АППАҚОВА

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале