4.08.2016, 9:17
Оқылды: 27

Ы.Алтынсарин көшесінің командасы – жеңімпаз

 Қаратөбе ауданында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне арналған шағын футболдан көшеаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды.


Көшеаралық футбол ойыны «Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен 27-31 шілде күндері өтті. Шағын футбол ойыны аудан орталығындағы С.Сейфуллин, Ы.Алтынсарин, М.Мәметова, Ж.Жабаев көшелерінің және Шөптікөл ауылы жастарынан құралған бес команда арасында тартысты өрбіді.көшеаралық футбол

       Теннис корты алаңында өткен аяқдопшылардың жарысы күніге екі кездесуден ұйымдастырылды. Командалар өзара он кездесу өткізіп, жеңімпазды анықтады.

        Жыл сайын өткізіліп келе жатырған көшеаралық футбол ойынының қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин көшесінің командасы ойынның екі дүркін жеңімпазы атанды.

            ІІ орынды С.Сейфуллин көшесінің аяқдопшылары иеленсе, ІІІ орынды М.Мәметова көшесінің құрамасы иемденді.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале