15.08.2016, 12:01
Оқылды: 28

Қаратөбеде акция аясында жас анаға құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ақ oрамал» республикалық акциясы аясындағы шаралар Қаратөбе ауданына қарасты аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде жалғасын тапты. Жас анаға акция аясында құрмет көрсетілді

Акция қазақ қыздарына ақ орамалдың қадірі мен қасиетін ұқтыруды көздейді.

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Венера Ғұбайдуллина жаңа туған нәресте Інжу Ринатқызына туу туралы куәлік табыстады.

Нәрестесін бауырына басып, перзентханадан шыққан жас аналарға көрсетілген қошемет бұл күні айрықша болды.

Аудандық «Асыл әжелер» ансамблінің жетекшісі Гүлсара Ғабдықызы  жас ана Аққу Құдайбергенқызының басына ақ орамал жауып, тілектестігін білдірді. Ақ орамал таққан Аққу Жеңісова екінші перзентін өмірге әкеліп, қуанышқа бөленген қаратөбелік тұрғын ретінде бұл сәтті жақсылыққа балайды.

 

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале