9.08.2016, 16:19
Оқылды: 24

Қаратөбеде екі күндік кәсіпкерлер оқуы басталды

 бизнес-тренерБүгін Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің мәжіліс залында облыстық кәсіпкерлер ұлттық палатасы және БҚО аймақтық «Даму» қорының кеңесшілері екі күндік бизнес – тренер оқуын бастады.


 

Қатысушыларға оқытушы-жетекшілер Сандуғаш Исимова, Нұрлан Абдрахманов кәсіпкерлікті бастау турасында дәріс оқу үстінде.

Атаулы оқуға 27 адам қатысуда.

Кәсіпкерлік оқу «Бизнестің басталу жолдары», «Бизнес – жоспар», «Кәсіпкерліктің заңдылық аспектілері», «Маркетингтік қызмет»,  «Кәсіпкерлерге арналған қаржы», «Қызметкерлерді басқару», «Кәсіпкерлік тәуекел» т.б. тақырыптарды қамтиды.

Оқуда арнайы мамандар бизнес саласының идеялы түрде жоспар құру арқылы жүзеге асатындығын басты назарға салып отыр.трейнинг

Дәріс алушылар алғашқы күннің өзінде топқа бөлініп, бизнес жоспарларын құрды. Әр топ ақылдасып, кәсіпкерлік істегі шығыс пен кіріс шығындарын есептеп, өзіндік ойларын ұсынды.

Оқу соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар алынды.

Айта кету керек, қатысушыларға сертификат берілетін болады.

 

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале