28.10.2016, 19:04
Оқылды: 36

Бұралқы иттер қажытты

%d2%9b%d0%b0%d2%a3%d2%93%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d1%81-%d0%b8%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d0%b6%d1%8b%d1%82%d1%82%d1%8b-02        Соңғы кезде Жаңақала ауданында «үйірімен» жүретін иттерден бала тұрмақ, үлкендердің өзі қорқатын болды. Әсіресе, таңертенгі мезгілде балаңды сабаққа апарайын деп мектепке бара қалсаңыз мектеп аулаларында қаптап жүрген иттерді көріп, бала түгілі өзің мектепке азар кіресін.  Сол мектеп аулаларында жүрген төрт аяқтылар бір-бір үйдің асыранды иттері. Оқушы балаларға еріп келген иттер, қожайыны мектепке кіріп кеткендіктен оны күтіп аула ішінде қалып, басқа балаларға қауіп төндіруде.

Жақында Анель есімді бүлдіршінді Ж. есімді ауыл тұрғынының асыранды иті қауып, дене жарақатын келтірген. Анельдің анасы Асемгүл Сүлейменованың айтуынша:

%d2%9b%d0%b0%d2%a3%d2%93%d1%8b%d0%b1%d0%b0%d1%81-%d0%b8%d1%82%d1%82%d0%b5%d1%80-%d2%9b%d0%b0%d0%b6%d1%8b%d1%82%d1%82%d1%8b-01-Анель және Жанель есімді егіз қыздарым мектеп алды даярлықта оқиды. Әкесі екеуміз жұмыста болғандықтан қыздарымды сабақтан әжесі  алып келеді. 18 қазан күні сағат түскі 12-нің шамасында  әжесі  әдеттегідей немерелерін алып үйге келеді. Жанель әжетханаға барғысы келіп қысылғандықтан әжесі оны алып үйге кіріп кетеді де, ал Анель көрші балалармен аулада ойнай тұрайыншы деп сыртта қалады. Осы қас қағым сәтте сыртта қалған Анельдің қатты жылаған дауысы естіледі. Бір жамандықтын болғанын сезген  әжесі жүгіріп сыртқа шықса, бет аузы қанға боялып, бір нәрседен қатты қорқып тұрған Анельді көреді.  Не болғанын түсіне алмай абдырап тұрған әжесінің қасына келген көршісі Анельді сары түсті иттің қауып алғанын, оны иттен азар арашалап алғанын айтады. Дер кезінде жедел жәрдемге қоңырау шылып, итке қабылған қызыма алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Артынан адамдардан иттің қожайының аты-жөнін сұрастырып біліп, полиция қызметкерлеріне хабарладым. Қазір иттің құтыру ауруына қарсы егілгендігі анықталуда,- деді қызының денсаулығына алаңдаған ана.

Бұл тек бір ғана оқиға, аудандық орталықтандырылған аурухананың мәліметіне сүйенсек соңғы 9 айда аудан бойынша үй жануарларына тістеліп немесе таланап қалған адамдар саны 50 екен.

-Биыл итке қабылып түскен 50 адамның  24-і Жаңақала ауылынан.  Адам қапқан 24 иттің 18-нің иесі анықталған болса, 6 ит иесіз болып табылды. Бұл дегеніміз 6 адам ит қапқан дене жарақатынан бөлек, түрлі ауру жұқтыру қаупіне ұрынды деген сөз. Тұрғындар үй жанурларына қабылып, жедел жәрдем бөліміне түскен кезде біз дереу тұтынушылар құқығын қорғау басқармасынажәне аудандық ІІБ-не жедел хабарлама түсіреміз. Ал олар ит иесін анықтап, иесі  анықталған  жағдайда  адамға жұғатын аса қауіпті, жұқпалы және вирусты аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін жануарды 10 күн қамауда ұстайды. Егер жануар клиникалық сау болып танылған жайғдайда, ол иесіне қайтарылады. Одан әрі біз қабылған адамды толық тексерістен өткізіп,  құтыруға қарсы вакцинаны егуді тоқтатамыз,- дейді  аурухананың хирург дәрігері Арман Жоламанов.

Н.Ғаббасов

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале