14.12.2016, 10:24
Оқылды: 40

Қазталовтың 29 елді мекені көгілдір отын күтуде

Бүгінде Қазталов ауданының 29 елді мекені көгілдір отынның игілігін көре алмай отыр. Қаржы бөлінсе, жобалық-сметалық құжаттары жасақталмақ. Ауданға ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаев, БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев іссапармен келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов Қазталов ауданының елді-мекендерін газдандыру сызбасымен таныстырды.

Осы кездесуде ауданның ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов бұл меселемен облыс басшысының хабардар екенін, облысымыздың 93,7 пайызы көгілдір отын игілігін көріп отырғандығын айтып, ауданымыздағы елді-мекендерге көгілдір отын келер жылдың еншісінде шешілсе екен деген өтініш білдіріп, көмек сұрады.

-2017 жылдың аяғына дейін жобалық сметалық құжаттарыңыз түгелдей дайындалып бітсе, 2018 жылдан бастап Қазталов ауданының елді мекендеріне газ тарту мәселесін қолға алатын боламыз, - деді кездесу барысында ҚР энергетика министрлігінің газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қалдыбекұлы.

 

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале