20.09.2016, 17:47
Оқылды: 17

Үздіктер қошеметтелді, қызметкерлер нысана көздеуден де сайысқа түсті

img_9808Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің ұжымы жылдағысынша,мерекелі жылғы еңбектің басты қорытындыларын шығарды. Аудан әкімі ӘділЖоламановтың Алғысхатымен аңтанушы Асылан Молдагалиев, Тайпақ орман бөлімшесінің орман қорықшысы Сәкен Өтеулиев, Алмалы орман бөлімшесінің орман қорықшысы Асқар Бақтығалиев, Алмалы орман бөлімшесінің трактор жүргізушісі Салық Садықов қошеметтелді. Антон бөлімшесінің орманшысы Берекет Алмамбетов, Степной бөлімшесінің орман шебері Мәлік Өтежанов, Қарауылтөбе орман бөлімшесінің орман қорықшысы Нұрлан Жалғасбаев жақсы көрсеткіштері үшін табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Амангелді Дәулетжановтың Алғысхатымен көтермеленді.

Табиғатты қорғауда,түрлі екпе ағаштарды күтіп- баптауда аянбай тер төгіп жүргендері  үшін Степной орман бөлімшесінің орман қорықшысы Ерболат Жауымбаев, антондық қорықшы Махмұт Какеновтің есімдері Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің «Құрмет кітабына» енгізілді.

Шара спорттық сайыстармен жалғасты. Ерлер арасындағы эстафетада Антон орман бөлімшесі мекеме кубогын жеңіп алса,  пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден алмалылық қорықшы Қоныс Жұмашев пен Тайпақ орман тұқым бағының жұмысшысы Айымгүл Қайырғалиева «Үздік мерген» аталымын иеленді.

Бекем БЕКҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале