18.11.2016, 11:33
Оқылды: 20

Үздік шеберді анықтады

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%88%d0%b5%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%b4%d1%8b  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  Рубежка колледжінің ұйымдастыруымен «Үздік өндірістік оқыту шебері» атты байқауы өтті.

  Шараның мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру саласында бәсекеге қабілетті маман даярлайтын өндіріс шеберлерінің біліктілігін бағалау, оларға шығармашылық тұрғыда қолдау көрсету.


  Байқау қорытындысында шеберлер арасынан Лидия Гришина топ жарып, облыстық кезеңге жолдама алды. Екінші орынды Людмила Корнейчик иеленсе, кейінгі тұғырға Елизавета Кузьменко қол жеткізді. Қазылар алқасы байқауға қатысқандарды дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттап,  бағалы сыйлықтар табыстады.

Нұрлыбек Қоянбайұлы

Зеленов ауданы

Рубежный ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале