14.11.2016, 11:12
Оқылды: 28

«Үздік эколог – 2016»

????????????????????????????????????

   Тасқала аудандық балалардың мектептен тыс жұмыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Үздік эколог – 2016» мерекелік кеші өтті.

         Шараға аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, білім бөлімінің басшысы А.Нарымбаев, экологиялық бөлімнің басшысы Ғ.Хабибуллин және мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты.


   Жиын барысында шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, биылғы жылдың экологиялық рейтингі бойынша орын алған мектептерді марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша С.Жақсығұлов атындағы мектебі мен Шежін мектеп-балабақшасы үздік деп танылып, І орынға ие болды. Екінші және үшінші орынды «Сәулет» мектеп-лицейі мен Ы.Алтынсарин атындағы мектебі өзара бөлісіп, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале