7.11.2016, 17:52
Оқылды: 44

Қымбат «Үлгілі келін - 2016» атанды

IF

Өресі биік, арманы асқақ қазақ халқы күні бүгінге дейін ата-баба салтын берік ұстап келеді. Ұлтымызда әйел затының рөлі ерек, қашанда жоғары орында.


         Қазақ келінінің есімін асқақтатып, мәртебесін көтеруді құп көретін Январцев ауылында жуырда «Үлгілі келін» байқауы ұйымдастырылды. Егемендіктің 25 жылдығына тарту етілген сайысқа Январцев және Красноармейск ауылдарының келіндері қатысты. Атап айтсақ: Январцев ауылынан Жарқынгүл Серғазиева, Қымбат Темірболатова, Алмагүл Бисенғалиева, Красноармейск ауылынан Үрімхан Сапиева.

         Алғашқы кезеңде сайыскерлер өздерін таныстырса,  кейінгі кезеңде келіндер ұлттық тағам бауырсақ пісіріп, ұсынды. Үшінші кезеңде бесік жырын айтқан аналар, төртінші айналымда қазақы салт-дәстүр жайында өрбіген сұрақтарға жауап берді. Соңғы айналым – үй тапсырмасы. Ұлттық бас киімнің бірі - сәукелені тігіп келу болатын. Бұл сыннан да келіндер сүрінбей өтті. Байқау мәреге жетті.

Сайып келгенде Январцев мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қымбат алға шығып, «Үлгілі келін» атанды. Өзге  сайыскерлерге алғыс хаттар мен демеушілер ұсынған сыйлықтар табысталды.

Осы сайысты ұйымдастырып, өткізуде Январцев ауылдық клубының меңгерушісі Г.Кораблева мен демеуші болған Салық және Күлзия Меңдіғазиевтерге алғысымыз шексіз.

 

Дамир Батыржан,

Январцев ауылдық округінің жастар жетекшісі

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале