9.09.2016, 10:31
Оқылды: 31

Үлкенге – құрмет

%d0%b0-98Aудан әкімі Нұрлан Рахымжанов кезінде аудандық деңгейде абыройлы қызмет атқарған, әлі күнге аудандық сайлау комиссиясының мүшесі Болат аға Лұқпанов пен Сайқын ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат аға Қадешевтерді алдыңғысының 75, кейінгісінің 70 жасқа толуына орай қабылдап, құрмет көрсетті. Әкімдіктің кіші мәжіліс залында оздырылған бұл жиынға ат үстіндегі азаматтармен қатар қоғамдық ұйым өкілдері де қатысты.

Нұрлан Сағынтайұлы  қос ардагерді мерейлі жасымен құттықтап, ізін басқан әріптестеріне өнегелі істері үшін алғыс білдіріп, дендеріне саулық тіледі.Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, ардагерлер ұйымының төрағасы Серік Таңатов, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжан Бисекенова, «Аруана» әжелер клубының жетекшісі Шәкира Ишанғалиева,  өзге де қатысушылар құттықтап, олардың еңбекқорлықтары,адамгершілік қасиеттері мен үлгі боларлық қырлары туралы әңгімелеп, ақ тілектерін ақтарды.

Кезегі келгенде қос қария да елеп-ескеріп жатқандарына ілтипатпен алғыстарын айтты.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале