10.08.2016, 9:40
Оқылды: 28

Әрқайсысы 42420 теңгеден айыппұл төледі

       2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңадан қолданысқа енген «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 482-бабында жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі және тасымалдау тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

Ақжайық ауданының №2 сотында жоғарыда аталған бап бойынша екі әкімшілік іс қаралды. А. өзінің әкесінен қалған 16 калибрлі, тегіс ұңғылы, дара ауыз «ИЖ-18» модельді аңшылық мылтықты ішкі істер органының рұқсатынсыз заңсыз сақтағаны анықталған. Сотта құқық бұзушы А., қару өзінің әкесінен қалғанын, қаруды иелену (сақтау) үшін өзінің ішкі істер органынан рұқсат алу қажеттілігін білмегенін көрсетіп, әкімшілік құқықбұзушылық әрекеттерін мойындады.Әрқайсысы 42420 теңгеден айыппұл төледі

Сонымен қатар тағы бір ауыл тұрғыны Б. өзінің тұрғын үйінде iшкi iстер органдарында тіркелмеген, аңшылық қаруға арналған бір дана патронды (16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтікі) заңсыз сақтағаны анықталып, сот мәжілісінде оны 4-5 жыл бұрын далада қой бағып жүргенде тауып алып, үйіне әкеліп, үстел суырмасына салып қойып, ұмытып кеткенін көрсетіп, өзінің әрекетін толығымен мойындады.

– Осы істер бойынша,-деді №2 сот төрайымы Тамара Ғұмарова,- олар әкімшілік жазаға тартылып, әрқайсысына жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде – 42420 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан шығатын қорытынды, азаматтар көбіне-көп қаруды аңшылық мақсатта қолданады, сондықтан қаруы бар тұрғындар ережеге сай, өздерінің аңшылық құралдарын ішкі істер органынан оны сақтауға, алып жүруге тиісінше берілетін рұқсатын алса, қалталарына соншама салмақ түсіп, осынша айыппұл төлемей және құралдарынан айырылмас еді.

Болат Қосжанұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале