16.08.2016, 10:01
Оқылды: 49

«Өміріңді сақтау қолыңда, жол тәртібін орында!»

jolda juruАқжайық ауданының орталығы – Чапаевтағы М.Әуезов атындағы орта мектепте «Қауіпсіз мектеп» акциясы аясында «Өміріңді сақтау қолыңда, жол тәртібін орында!» атты кездесу ұйымдастырылды. Оқушылармен, тұрғындармен осы шара барысында жол жүру ережесіне арналған сурет көрмесі бойынша ой-толғамдары ортаға салынып, «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін» атты жадынамалар таратылды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Тұрсынай Болатқызы мен М.Әуезов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлбадан Оразайқызы оқушыларға жол оқиғаларынан сақтану туралы кеңінен түсіндірді.

Оқушыларға түрлі тапсырмалар беріліп, яғни олар жолдағы ықтимал қауіпті сәттер кезіндегі іс-қимыл туралы суреттер салып, әлгіндей жағдайда өздерінің қандай әрекет жасайтынын әңгімеледі.

Ауданда «Қауіпсіз мектеп» акциясына байланысты түрлі шаралар жоспарланған.

      Бекболат Қаленов    

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале