13.09.2016, 14:40
Оқылды: 49

Өнерлі отбасылар сайысқа түсті

 
%d0%be%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%be%d1%82%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b        Аудандық мәдениет үйінде отбасы күніне орай «Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс оздырылды. Оған аудан орталығы мен ауылдық округтерден сегіз үлгілі жанұялар қатысты. Сайысқа қатысушылар «Сәлем – сөздің патшасы», «Асыл қоржын», «Өнерім – өрісім», «Ас – адамның арқауы» атты кезеңдер бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Байқау қорытындысында барлық сыннан сүрінбей өтіп, әділқазы алқасының жоғары ұпайына ие болған ақобалық Қалмияровтар отбасы жеңімпаз атанды. Ал, жәнібектік Ғайсиндер отбасы мен Талов ауылының намысын қорғап келген Біләловтар отбасы тиісінше екінші және үшінші орындарды ұтып алды. Жарысқа қатысушы барлық отбасылар диплом және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Д.Зеннат

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале