13.08.2020, 15:55
Оқылды: 68

Теректіде партияішілік іріктеу түсіндірілді

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2020 жылдың 17 тамызы мен 3 қазан аралығында праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойғаны белгілі. Осыған орай партияішілік іріктеу(праймериз) туралы мәселелерді түсіндіру мақсатында Теректі ауданына «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы аппаратының бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Кенжәлі Төремұратов,  партияның облыстық филиалы саяси бөлімі меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев келді.

117704554_1576131449235410_2245178675009004846_n

Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов жетекшілік етті. Семинар бағытында оздырылған бұл  басқосуға  «Nur Otan» партиясы облыстық, аудандық филиалындағы қызметкерлер, филиал жанындағы ұйымдастыру комитеті, есеп комиссияларының мүшелері қатысты. Аудан бойынша праймеризге дайындық барысы туралы «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев мәлімдеме жасады.

117783769_1576131285902093_1226985714516006971_n

Семинарда сөз алған  «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Рахметұлы партияішілік іріктеу бұған дейін де өткенін, алайда бұл іріктеу ашықтықты, жариялылықты мақсат ететінін айтып,   праймериз өткізудің  белгіленген жоспарына кеңінен тоқталды. Ал «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжәлі Жанғалиұлы  кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары мен оларға дауыс беру тәртібі туралы және ұйымдастыру мен есеп комиссияларының жұмысы жайлы баяндады. Ал, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрғали Қаршығаұлы кандидаттар арасында дебат өткізудің тәртіптері мен пікірсайыстың қандай форматта болатындығын сөз етті.

Семинарға қатысушылар өз сауалдарын қойып, тұшымды жауап та алды.

                                                                                                           Әділет Әлібекұлы,

                                                                                                                 Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале