26.10.2020, 17:26
Оқылды: 119

30 отбасын газетке жаздырды

Жаңақала ауданының төл газетіне 2021 жылға жазылу науқаны одан әрі жалғасуда. Алдыңғы жазылымда да көптеген азаматтар аудандық «Жаңарған өңір» газетінің тарылымына қолдау білдіріп, өз үлестерін қосқан болатын.

B8445F7C-C1F0-4F2D-847F-C6ABCFEF7805

«Газет – аудан айнасы» демекші, түйткілді мәселелерді қаузап, халықтың жанайқайын жеткізіп, оқырманға ой саларлық һәм танымдық тың дүниелерді жариялап, аудандағы ахуалдың, елдегі жаңалықтың жаршысы бола білген төл басылымның жанашырлары да жоқ емес. Сол бізді қуантады. Жақында Жаңақала ауылының тұрғыны, «Сабина» шаруа қожалығының жетекшісі Рысқаным Мұханбетова есімді анамыз аз қамтылған, көпбалалы 30 отбасын 6 айға жергілікті «Жаңарған өңір» газетіне жаздырып, игілікті іс тындырды.

- Әрқашан жергілікті басылымды қолдауға әзірмін. Ауылдастарым газет оқып, рухани азық алып, жағымды жаңалықтардан құлағдар болып отырса, ғанибет емес пе?! Газеттің арқасында жас ұрпақтың тіл байлығы кемелденіп, ой-өрісі кеңиді. Жалпы, аудандық басылымның қазіргі беталысына, ұстанымына, кескін-келбетіне көңіліміз толады. Әркез аудан өмірінен хабардар болып, бар жаңалықтарға құлақ түріп, ақпарат көздеріне қанығып келеміз. Шығармашылық ұжымға табыс тілеймін. Жерлестерімді газетке жазылуға шақырамын,- дейді Р.Мұханбетова.

Газет таралымының артуына мүмкіндік жасап, тұрғындар рухани азықпен сусындасын деген мақсатта қолдау көрсеткен Рысханым апамызға шынайы алғысымызды білдіреміз! 

Құрметті жерлестер! Аудан айнасы қашан да халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, әркімнің тағдырына бейжай қарамайды. Аудан өмірінен хабардар болып, жаңалықтарға құлақ түргіңіз келсе, «Жаңарған өңір» газетіне жазылыңыз. Бізбен бірге болыңыздар!

Алтынбек Ермекқалиев,

Жаңақала ауданы

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале