4.01.2017, 15:26
Оқылды: 17

Бумакөлде шаңғыдан жарыс өтті

shangi_tebu  Бөрлі ауданының Бумакөл ауылында шаңғыдан жасөспірімдер мен ересектер және ардагерлер арасында аудан біріншілігі өтті.


   Александров, Бөрлі, Қарағанды, Қанай, Бумакөл ауылдарынан қатысушылар шаңғымен жарысты. «Жарысқа ауданымыздың 7 командасы қатысты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Ақсай» спорт кешенінің  тиісті дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен және  «Тарлан» жастар қоғамдық бірлестігінің сыйлықтарымен марапатталды. Жарыстың облыстық кезеңі қаңтар айының ортасында өтеді» ,- деді «Ақсай» спорт кешенінің директоры Исатай Тастемірұлы.

   Жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды Александров ауылдық округі , ІІ орынды Қарағанды ауылдық округі иемденсе, І орыннан № 2 орта мектебі көрінді.

Аида Есенаманқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале