19.01.2017, 15:28
Оқылды: 87

Ақжайықта модельді кітапхана ашылды

????????????????????????????????????

  Ақжайық ауданындағы Жаңабұлақ ауылындағы кітапхана заман талабына сай технологиямен жабдықталып, модельді кітапхана мәртебесін алды. Жаңабұлақтықтарды аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтады. Айтулы қуанышқа Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Шолпан Оразғалиева да ортақтасты.


  Кітапхананың жаңа мәртебесі еліміздегі кітапханалармен мығым байланыс орнату, бұрын қол жете бермеген кітап қорымен ауылдағы оқырмандарды қауыштыруға мүмкіндік берді. Бүгінге дейін ауданда модельді болып өзгерген Мерген, Алмалы, Есенсай, аудандық орталық балалар кітапханасы және Тайпақ ауылдық балалар кітапханаларының жұмысынан нақ соны айқын аңғаруға болады. Заманауи технологияларды пайдаланып, сұранысқа сай қызмет ұйымдастыру, осы кітапханада отырып басқа да үлкен кітапханалардың кітап қорымен танысып, онлайн конференцияларды өткізуге мүмкіндік толық бар. Оның ішінде өлке әдебиетін насихаттауға кеңінен жол ашылды.

  Жиналған жұртқа «КАБИС» бағдарламасының оқырманды тіркеуі, «BOOKSCAN» моделінің қолдану әдісі, инновациялық-библиографиялық ресурстарды пайдалану мүмкін-діктері көрсетілді. Мұнда электронды кітаптарды бірнеше оқырман қатарынан қолдана алады. Яғни, оқырман қатарына тіркелуден бастап, барлығы электронды түрде жүзеге асады.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале