5.02.2019, 18:12
Оқылды: 42

Теректі ауданында газ тарту жұмысы жалғасады

Қазір бұл ауданның 86 пайызы газбен қамтылған. Бұл жайлы Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов, облыстық басқарма басшылары қатысты.

 

106

 

Аудан әкімі биылғы жоспарларымен де бөлісе кетті. Мәселен, Жаңа өмір ауылында мәдениет үйін салу жоспарда бар.

Есептік жиынды өңір басшысы Алтай Көлгінов қорытындылады.

-Өткен жыл еліміз үшін өте маңызды жыл болды. Бұрынғы кеңестік елдер арасынан ең алғашқы болып БҰҰ-ға төрағалық жүргіздік. 20 жыл ішінде әлемнің назарын аударар әсем қалаға айналған Астанамыздың мерейтойын атап өттік. Жыл сайын Елбасымыздың бастамасымен облыс, аудан, округ әкімдері халықпен кездесіп, есеп беруде. «Ашық әкімдік» күнін өткізіп, жерлестеріміздің сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерді шешіп жүрген жайымыз бар. Бұл - халық пен билік арасындағы байланыс орнатудың бірден бір тәсілі. Теректі ауданы - шөбі шүйгін, шаруаға қолайлы аудан. Өздеріңізге белгілі,  аудандарыңызда барлық мемлекеттік бағдарламалар сәтімен жүзеге асып жатыр. Былтыр республика бойынша кәсіпкерліктің дамуына жағдай туғызған аудандардың алды болып, Елбасы марапатына ие болдыңыздар. Бұл жеңіске әр теректіліктің үлесі бар. Алдағы уақытта осы көрсеткішті ұстап тұруға жұмыстану қажет. Аудан әкімі Әділ Тауфиқұлының баяндамасынан байқағанымыз, биыл аудан игілігі үшін атқарылар іс көп. Олардың қатарында ауылдық округтерді газдандыру, жол жөндеу, су құбырларын тарту, спорт алаңдары мен көппәтерлі тұрғын үй салу сынды жобалар бар. Біздің ең басты мақсатымыз –азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, өңіріміздегі әр азаматтың жақсы өмір сүруі үшін қолайды жағдай қалыптастыру. Осы мақсатта білек сыбана жұмыстанудамыз,-деді Алтай Сейдірұлы.

 Әділет Орынбасаров,

сурет Александр Куприенко

Теректі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале