27.03.2019, 19:41
Оқылды: 39

Ақсайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

бос орындар жәрмеңкесі

Өткен жылы жұмыс сұрап келген 2688 тұрғынның 1738-і тұрақты еңбекпен қамтылған. Биыл бірінші рет өткізілген жәрмеңкеге 26 мекеме мен кәсіпорын қатысып, 313 бос жұмыс орнын ұсынды. Әсіресе, аспазшылар, іс жүргізушілер, дәнекерлеушілер, көлік жүргізушілері, кіші медбикелер мен әдіскерлерге сұраныс жоғары.

Сәуір айынан бастап іс жүргізуші, дәнекерлеуші, шаштараз, аспазшы, 1 С есепші мамандықтары бойынша тұрғындарды Орал және Ақсай қалаларында оқыту көзделуде. Одан бөлек, биыл 22 тұрғынға қайтарымсыз грант беру жоспарда, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының міндетін атқарушы Әсемгүл Жұмағалиева.

Жәрмеңке нәтижесінде 21 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Және 8 адам оқуға, 27 адам кеңесуден өтуге шақырту алды. Ал үш жас «Жастар практикасы» бойынша қызметке қабылданды.

Айым Досжанова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале