20.10.2016, 11:36
Оқылды: 23

9 айдағы айыппұл 2147744 теңгені құрады

акжайык сотАудандық сотта өткен брифинг ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысына арналып, онда аталған мерзімде ауданымызда 16 қылмыстық іске нүкте қойылып, 19 тұлғаға 17 үкім, 16 тұлғаға қатысты 12 қаулы шығарылғандығы мәлім болды.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру белгілерімен қылмыс жасағаны үшін ҚР ҚК-нің 108 бабымен 1 адамға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. ҚР ҚК-нің 130 бабымен адамға қатысты жалған мәлімет таратып, абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген бір адамның ісі медиация арқылы мәмілеге келіп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сонымен қатар қызмет өкілеттігін теріс пайдаланған полиция капитаны ҚР ҚК-нің 307 бабы 2 бөлімі, ҚР 348 бабы 1-2 бөлімімен (1997 жылғы редакция) жасаған қылмысы үшін 1000 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынып, ҚР 348 бабы 1-2 бөлімі (16.07.1997 жылғы редакция) бойынша ҚР КК-нің 71 бабы 1 бөлімінің 2 тармағымен мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық жазадан босатылады. Алайда, ҚР ҚК-нің 50 бабы 1 бөлімімен шенінен айырылған.

242 әкімшілік іс бойынша 76 адамға айыппұл, 8 ескерту, 80 адамға қамау жазасы қолданылса, 21 адам көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Айыппұл жазасы 2147744 теңгені құрады. Әкімшілік істерді қарау барысында заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалуына байланысты шаралар алу үшін ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының атына жекеше қаулы шығарылды.

Есепті мерзімде республикалық, облыстық және жергілікті басылымдарда 35 мақала, облыстық сайтта 51 жаңалық жарияланған. Сонымен қатар брифинг, 3 «ашық есік» күні, 11 семинар, 8 дөңгелек үстел өткізілген, оның сыртында 17 жедел кеңес отырысы да оздырылды.

З.ЗАЙНОЛЛИНА,

кеңсе меңгерушісі

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале